Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

ШҚО-да Ресейден 6 жасар қызымен келген әйелден коронавирус табылды

2020 жылдың 25 мамыр 2020 11:15

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат –Шығыс Қазақстан облысында өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 4 адам сырттан келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«1957 жылғы зейнеткер мемлекеттік шекарадан Уба автоөткелі арқылы өтіп, шетелден келген азамат ретінде тексерілді. Ер адам Новосибирск қаласынан Өскемен қаласына тұрғылықты мекен-жайына бет алған. 1991 жылғы ер адам Ауыл автоөткелі арқылы шекарадан өткен. Науқас Горняк қаласынан Семей қаласына тұрғылықты мекенжайына келген. 1992 жылы туған әйел өзінің 2012 жылғы қыз баласымен мемлекеттік шекарадан «Ауыл» автоөткелі арқылы өтіп, шетелден келушілер ретінде тексерілді. Олар Владивосток қаласынан Алматы облысы Үштөбе қаласына тұрғылықты жерлеріне бағыт алған. Алдын ала жүргізілген эпидемиологиялық тергеу нәтижесі бойынша жақын байланыста болған 3 адам мен 1 ошақ анықталды», - делінген әкімдік таратқан мәліметте.

Қазіргі уақытта эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда. Жалпы Шығыс Қазақстан бойынша коронавирус жұқтырған 66 адам тіркелді.

Еске салсақ, соңғы мәліметтерге сүйенсек, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 8531-ге жетті.


Жоғары қарай