Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

ШҚО-да оқушыларды тасымалдайтын 22 автобус сатып алынбақ

2020 жылдың 29 мамыр 2020 22:55

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында биыл мектеп оқушыларын тасымалдайтын 22 автобус сатып алу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО-дағы 228 ауылда мектеп жоқ. Онда 3497 мектеп жасындағы бала тұрады. Бұл туралы ақпараттық орталығында өткен брифинг барысында Шығыс Қазақстандағы білім саласы сапасын қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Болат Атыбай мәлім етті.

«Балалардың білім алуына жағдай жасау мақсатында 2804 оқушы автобуспен тасымалданады. Ал 693 оқушы мектеп жанындағы интернаттарда тұрады. Балалар күн сайын қоғамдық көлікпен білім ордасына жеткізіледі. Осы мақсатта 165 мектеп автобусы пайдаланылуда», - деді Болат Атыбай.

Оның айтуынша, балаларды тасымалдау барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жыл сайын автобус паркі жаңартылады. Мәселен, 2016 жылдан бастап облыстық бюджеттен 44 автобус сатып алынған.

«. Оның ішінде Абай ауданына – 1, Аягөз ауданына – 2, Бесқарағай ауданына – 1, Бородулиха ауданына – 2, Жарма ауданына – 1, Алтай ауданына – 1, Күршім ауданына – 1, Көкпекті ауданына – 2, Ұлан ауданына – 2, Үржар ауданына – 7, Шемонаиха ауданына – 2 автобус беріледі, - деді департаменті басшысының орынбасары.




Жоғары қарай