Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

ШҚО-да офицерлер Балаларды қорғау күні қарсаңында мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетті

2020 жылдың 1 маусым 2020 10:03

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрлігінің Шығыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының офицерлері әскери қызметкерлердің балаларын арнайы құттықтап, әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Олардың ішінде мүмкіндігі шектеулі балалар, жалғызбасты аналар және тұрмысы төмен отбасылар бар. Яғни, біз шынымен қоғамнан әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға баса назар аударып, онда тәрбиеленіп жатқан балаларды мерекелерімен арнайы құттықтап, көмек көрсетуді жөн көрдік. Себебі балалар біздің ертеңгі болашағымыз», - дейді Шығыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының бастығы полковник Мұхамед-Қали Қарсыбеков.

Әскери-тергеу басқармасының офицерлері Семей гарнизонына қарасты әскери бөлімдерде қызмет етіп жүрген 10 әскери қызметкердің отбасына көмек көрсетті.

Олардың тәттілермен қоса азық-түлікке толы балаларға арналған базарлық қорабы тек кішкентайларды ғана емес, ата-аналарын да қуантты. Полковник Мухамед-Қали Карсыбеков балаларға бақытты балалық шақ, ұмытылмас сәттер және зор денсаулық пен жарқын болашақ тіледі.


Жоғары қарай