Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да найзағайдан шыққан орман өрті 3,5 гектарға жайылып кетті

2021 жылдың 18 қыркүйек 2021 18:53

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында ормандағы өртпен 74 адам мен 11 техника күресіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 17 қыркүйек күні Катонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылындағы орманда өрт шыққан.

Шөпті шарпыған қызыл жалынның жалпы ауданы қазіргі уақытта 3 жарым гектарға жетіп отыр.

«Оқиға орнында тілсіз жаумен өрт сөндірушілер және орманшылар күресуде. Сол жерге жалпы саны 74 адам мен 11 техника жұмылдырылған. Әзірге оттың беті қайтар емес», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Алдын ала мәлімет бойынша өрт найзағайдан шыққан.


Жоғары қарай