Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 180 жоба іске асады

2021 жылдың 5 тамыз 2021 14:56

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ШығысҚазақстан облысында бірқатар маңызды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ең маңыздыларының бірі - Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің құрылысы. Бұл өңірдің көліктік-логистикалық мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар ішкі туризмді одан әрі дамытуға ықпал етпек.

Облыстық мәслихаттың 7 сессиясында облыс әкімі Даниал Ахметов өңірдің инвестициялық қоржынында қазір 102 жоба бар екендігін айтты.

Ал мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында 180 жоба асырылады.

Оның арасында Семейде «Сергек» камерасын орнату және Глубокое кентінде түрік технологиялары бойынша қазандық салу жобалары бар.

«Энергетика саласындағы ірі жоба - Тұрғысын ГЭС болса, инфрақұрылымдық маңызды жобалар - Семейдегі автожол көпірін қайта жаңарту және облыстың екі ірі қаласында айналма жолдар салу», - деді Даниал Ахметов.

Тағы бір бағыт - қазір ауқымды құрылыс жүргізіліп жатқан шекара маңындағы аумақтар мен бұрынғы аудан орталықтарын дамыту.



Жоғары қарай