Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

ШҚО-да қылмыстық топ 19 мың доза есірткіні әлеуметтік желі арқылы сатпақ болған

2020 жылдың 5 маусым 2020 21:18

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында полицейлер қылмыстық топ мүшелерінен синтетикалық есірткінің 19 мың дозасын тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Жылдамдық» деп аталатын психотроптық заттарды сатумен айналысқандарды анықтады.

«Полицейлер Өскемен мен Алматы қалаларынан синтетикалық есірткінің ірі партиясын тапты. Белгілі болғандай, Өскемендегі 20-45 жас аралығындағы 4 ер адам есірткіні интернет-ресурстар арқылы сатып келген. Сатып алушылармен тікелей байланысқа шықпай тек әлеуметтік желілер арқылы сөйлескен оларды құқық қорғау органдары ұзақ уақыт бойы ұстай алмады», - дейді департамент бастығы Сағат Мәдиев.

Қылмыстық топтың тағы екі мүшесін ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің және Алматы қалалық полиция департаментінің қызметкерлері құрықтаған. Осы екі азамат психотроптық заттарды тасымалдап, сатуды ұйымдастырған.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары 6 келіге жуық синтетикалық есірткіні тауып, оның 19 мыңнан астам дозасының сатылуына тосқауыл қойды. Есірткінің қара нарықтағы құны 190 миллион теңгені құрауы мүмкін. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - дейді Сағат Мәдиев.


Жоғары қарай