Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да квадроциклмен соқтығысқан 15 жастағы мотоциклші көз жұмды

2020 жылдың 27 қыркүйек 2020 13:01

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында мас жүргізуші тізгіндеген квадроциклмен соқтығысқан 15 жастағы мотоциклші көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 20 қыркүйек күні сағат 18:00 шамасында Глубокое ауданында жүргізуші куәлігінен айырылса да мас күйде квадроцикл тізгіндеген 55 жастағы ер адам екінші дәрежелі жолдан бас жолға шыға бере мотоциклмен соқтығысқан.

«Орталық аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген кәмелеттік жасқа толмаған мотоцикл жүргізушісі 26 қыркүйекте есін жимастан жантәсілім етті. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабы 5-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Қазірде күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Квадроцикл жүргізушісі 9 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Жоғары қарай