Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ШҚО-да құтқарушылардың 80 пайыздан астамы ревакцинация жасады

2022 жылдың 25 қаңтар 2022 21:58

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылардың 80 пайыздан астамы коронавирусқа қарсы ревакцинациядан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар белсенді түрде COVID-19 инфекциясына қарсы ревакцинациядан өтіп жатыр.

«Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар халықпен жиі байланысып, үнемі апаттық-құтқару жұмыстары мен өрттерге шығады. Өткен жылы ТЖД қызметкерлері 7000-нан астам рет түрлі көмекке аттанды. Олардың жеке құрамы жүз пайыз вакцина алған», - делінген ақпаратта.




Қазір ревакцинациялау науқаны жүргізілуде. Бүгінде департамент қызметкерлерінің 80%-дан астамы ревакцинациядан өтті.

«Ревакцинация – ұжымдық иммунитетті қалыптастырып, аурудың таралуын азайтады. Үшінші компонентті салдырар алдында әрбір қызметкер қажетті деректерді толтырып, сауалнамадан, дәрігердің қарауынан өтуде. Соның негізінде қарсы көрсетілімдердің болу-болмауы анықталады», - деді облыстық ТЖД бастығы Ерлан Нұрпейісов.



Жоғары қарай