Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да құтқарушылар тауда аяғын сындырып алған адамға тікұшақпен көмекке келді

2021 жылдың 17 сәуір 2021 15:26

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары тауда аяғын сындырып алған адамға тікұшақпен көмекке келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 1962 жылғы ер адам 16 сәуірде шаңғымен Малоубинск су қоймасына қарай бет алды. Риддер қаласынан 70 шақырым қашықтықтағы таулы жерде ол аяғын сындырып алған.​

«Зардап шегушіге шұғыл көмек көрсету үшін МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды. Онда ТЖД құтқарушылары мен Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері болған. Олар Өскеменнен ұшып шығып, оқиға орнына келіп жетті. Ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Содан кейін ол тікұшақпен Риддер қаласының ауруханасына жеткізілді», - деп хабарлады ведомство өкілдері. ​ ​ ​ ​

Осы ретте, департамент мамандары өңір жұртшылығына таулы жерлерге шығу қауіпті екендігін, ал барған жағдайда өзіңізбен бірге алғашқы медициналық көмек көрсету қобдишасын алып жүру қажеттігін ескертеді.








Жоғары қарай