Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да күніне 11 мыңға жуық адам вакцина алуда

2021 жылдың 26 тамыз 2021 18:35

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында күніне 11 мыңға жуық адам вакцина салдыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов емханалардың бас дәрігерлерімен, қала, аудан әкімдерімен халықты вакцина салдыруға тарту жұмыстары бойынша кеңес өткізді.

Қазіргі уақытта өңірде 11 мыңға жуық адам күн сайын коронавирусқа қарсы вакцина алып жатыр. Бұл Қазақстан бойынша ең жоғары көрсеткіш.

«Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Біз балалардың жаппай вирус жұқтыруына жол бермеуіміз керек. Вакцина салуға мемлекеттік тапсырыс алған емханалардың қандай да бір медициналық мекемеге тіркелген адамдармен дұрыс жұмыс істеуін бақылау қажет. Бұны қала мен аудан әкімдері, Денсаулық сақтау басқармасы және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өңірлік филиалы қадағалауы тиіс», - деді Даниал Ахметов.

Сондай-ақ ол егпе салу науқанына қатысты есепті күніне екі рет коронавирус инфекциясының таралуына тосқауыл қою жөніндегі кеңесте тыңдайтынын ескертті.


Жоғары қарай