Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ШҚО-да күн сайын 500-ден астам адам коронавирус жұқтыруда

2022 жылдың 21 қаңтар 2022 11:48

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырғандар күрт артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО днсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша соңғы тәулік ішінде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 540 адам тіркелді.

Оның ішіндегі 470 науқаста симптом бар болса, 70 адам сырқатты симптомсыз өткеруде.

«Бір күнде 37 пациент коронавирустан толықтай сауығып шықты. Қазіргі уақытта аймақ бойынша стационар жағдайында 207 науқас ем-дом қабылдап жатыр. Жалпы Шығыс Қазақстандағы стационарларда төсек-орын жүктемесі – 12,2 пайызды құрайды», - делінген ақпаратта.

Соңғы күндері облыста коронавирусқа шалдыққандар күрт өскен.

Мәселен, 18 қаңтарда бір күнде 169, 19-ы күні 394 науқас тіркелсе, 20 қаңтардан бері 500-ден асып отыр.


Жоғары қарай