Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

ШҚО-да қосымша 50 жасанды тыныс алу аппараты сатып алынды

2020 жылдың 16 шілде 2020 10:16

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында коронавируска шалдыққан науқастарға арналған орындарды қажетті құралмен жабдықтау жұмысы қарқынды түрде жүргізілуде.

Бүгінгі күні 196 жасанды тыныс алу аппаратына қосымша 50 және 57 сандық рентген-аппаратына қосымша 10 аппарат сатып алынды.

Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен online-брифинг барысында ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджанов мәлімдеді, деп хабарлайды ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі.

«Осыған дейін 175 оттегі концентраторға қосымша бүгін 30 келіп түссе, 17 шілдеген дейін -160, 1 тамызға дейін тағы 133 аппарат алынады. Сондай-ақ, 200 монитор, 200 инфузомат, 3 ЭКМО құрылғысы, 178 пульсоксиметр, 12 жасанды тыныс алу аппараты (оның ішінде 2 данасы балаларға арналған), және 1 компьютерлік томограф сатып алынды», – деді басқарма басшысы.

Қазірдің өзінде облыста 15 компьютерлік томография әр аудан-қала бойынша тіркеліп, тәулік бойы жұмыс істеп тұр.

Сонымен қатар, жедел жәрдем көлігі жетіспеушілігінің алдын алу мақсатында қосымша 216 көлік сатып алу жоспарланған. Алғашқы 100 көлік қыркүйек айында қолданысқа берілмек.


Жоғары қарай