Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да көше кезген елік биологиялық орталыққа жеткізілді

2020 жылдың 10 тамыз 2020 17:30

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында көше кезіп жүрген елік биологиялық орталыққа жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 10 тамыз күні Қозыбағаров көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің арасында елік жүргені жайлы хабар түскен. Бірден сол жерге учаскелік полиция қызметкерлері, орманшылар және табиғат қорғау полицейлері аттанған.

«Олар көп ұзамай көше кезген елікті қолға түсірді. Жабайы аң жараланып қалмас үшін оны көрпеге орап биологиялық орталыққа жеткізді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта мамандар түз тағысының жағдайын бақылауда. 10 күннен кейін елік еркіндікке қайта жіберілуі мүмкін.





Жоғары қарай