Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да коронавируспен ауырғандар өлімінің негізгі себебі айтылды

2020 жылдың 25 қараша 2020 16:44

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Владимир Ли баспасөз конференциясында коронавируспен ауыратын науқастардың өлімінің негізгі себептерін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, қайғылы жағдай көбінесе қосалқы аурулардың салдарынан орын алады.

«Негізінен бұл қант диабеті, артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы. Әрине, басқа аурулар да коронавирустық инфекция жұқтырған науқастардың жағдайын ауырлатады. Өкінішке орай, егде жастағы науқастар жиі ауырады және оның соңы қайғылы жағдаймен аяқталады», – деді Владимир Ли.


Жоғары қарай