Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да көпбалалы аналар медициналық маска тігіп жатыр

2020 жылдың 20 наурыз 2020 23:12

ҮРЖАР. ҚазАқпарат –Үржар ауданындағы көпбалалы аналары медициналық маска тігіп, таратуда. Бұл туралы ҚазАқпарат ШҚО Ақпарат орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

Үржар ауданы, Мақаншы ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Рысалды Мұхаметқалиева бастаған аналар қауымы көпшілік қауымға үлгі көрсетіп, коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында бірнеше мәрте пайдалануға болатын маскалар тігіп беретіндіндерін айтқан. Аналардың бұл ұсынысына аудан әкімдігі бірден қолдау білдірді. Тігілген бетперделер аудандағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған аналар мен зейнеткерлерге тегін берілмек.

«Елімізге келген мұндай уақытша сынақты бірге еңсереміз. Тек ауызбіршілігіміз бұзылмасын», - дейді көпбалалы ана.

Қазіргі таңда Мақаншы өңірінде Рысалды бастаған көпбалалы аналар бетперде тігу жұмыстарын бастап кетті. Жалпы, ауданда коронавирустық инфекцияның алдын-алу бойынша шұғыл әрекет ету топтары құрылып, барлық қауіпсіздік шаралары қолға алынып, жүзеге асыруда.


Жоғары қарай