Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да көліктері сынып орманда қалған 4 адам құтқарылды

2021 жылдың 21 тамыз 2021 07:47

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданында көліктері сынып орманда қалған 4 адамға құтқарушылар көмекке келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 20 тамыз күні 4 адам, оның ішінде 1 бала жеңіл көлікпен Новошульба орманшылығы аумағында келе жатқан. Кенет көліктері сынып, олар жолда қалды. Азаматтар құтқарушыларға қоңырау шалып көмек сұраған.

«Оқиға орнына №21 өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері жедел келіп жетті. Құтқарушылар жолаушыларды Жаңа Шүлбі ауылына дейін жеткізіп тастаған. Зардап шеккен ешкім жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, ТЖД мамандары өңір жұртшылығына қандай да бір қиындыққа тап болған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалу қажеттігін еске салды. Жолға шыққанда міндетті түрде өз көлігіңіздің жарамдылығын тексергеніңіз абзал.



Жоғары қарай