Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да көлік аударылып, 3 адам зардап шекті

2021 жылдың 18 қыркүйек 2021 20:45

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында көлік аударылып, 3 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 18 қыркүйек күні «Күршім-Үлкен Нарын» тасжолында болған. Зардап шеккен азаматтардың бірі көлікте қыстырылып қалып, оны шығару үшін құтқарушылардың көмегі қажет болды.

«Kia Cerato» маркалы автокөлікті тізгіндеп келе жатқан ер адам рульды басқара алмай қалып, көлік аударылып түскен. Жол апатынан 3 адам дене жарақатын алды. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері мен құтқарушылар шұғыл келіп жетті. Зардап шеккен азаматтардың бірі көлікте қыстырылып қалып, сыртқа шыға алмаған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

№30 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері арнайы құралдардың көмегімен автокөліктің шатырын ашып,оны абайлап шығарып, дәрігерлерге тапсырды. Қазіргі уақытта 3 азамат та ауруханаға жатқызылған.

Жоғары қарай