Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да қоғамдық орында маска тақпағандарға айыппұл салынуда

2021 жылдың 20 сәуір 2021 22:27

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында шектеу шараларын бұзудың 23 фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде арнайы құрылған мониторингілік топтар карантин талаптарының сақталуын қадағалау үшін қоғамдық көліктерде, дүкендерде, дәріханалар мен басқа да мекемелерде күн сайын рейд жүргізуде.

«19 сәуір күні Өскеменде 290 объектіге тексеру жүргізілді. Соның нәтижесінде карантин талабын бұзудың 8 фактісі анықталды. Сондай-ақ бұрын тіркелген заңбұзушылықтар бойынша 175 020 теңге мөлшерінде айыппұл өндірілді», - делінген ШҚО Ақпарат орталығы таратқан мәліметте.

Семей қаласында 352 нысан тексеріліп, қоғамдық көліктерде, сауда орындарында маска режимін бұзған 15 адам тіркелді. 131 265 теңге сомасына 3 хаттама толтырылып, 131 265 теңге көлемінде 3 айыппұл өндірілді.

Бұдан бөлек, мониторингілік топтар Риддер, Курчатов қалалары мен Алтай, Аягөз, Үржар, Ұлан, Абай, Зайсан, Глубокое, Бесқарағай және Күршім аудандарында рейд жүргізді. Тексеру барысында ешқандай бұзушылық тіркелмеді.


Жоғары қарай