Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

ШҚО-да кенші қар көшкінінің астында қалып көз жұмды

2020 жылдың 18 қаңтар 2020 18:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Шығыстүстімет» ЖШС Артемьев өндірістік кешеніне қарасты «Камышенский» карьерінде жазатайым оқиға тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылғы 18 қаңтарда сағат 10:00 шамасында карьер ернеуінен көшкен қалың қардың астынан қазандық қызметкерінің денесі табылды», - делінген компанияның хабарламасында.

Оқиғаның себептері мен жағдайлары анықталуда. Қайғылы оқиғаны тергеу мақсатында арнайы комиссия құрылды.

KAZ Minerals Тобының басшылығы мен ұжымы қаза болған қызметкердің туған-туыстарына көңіл айтып, қайғыларына ортақтасады.


Жоғары қарай