Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да қатты жел мәдениет үйінің шатырын ұшырып әкетті

2020 жылдың 28 қазан 2020 15:41

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында қатты жел мәдениет үйінің шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Алғабас ауылында секундына 19 метрге жететін қатты желдің салдарынан жалпы ауданы 70 шаршы метрді құрайтын мәдениет үйі ғимаратының шатыры зақымданған.

«Зардап шеккен ешкім жоқ. Оқиға орнында жергілікті атқарушы орган өкілдерінен құралған комиссия жұмыс істеп жатыр» деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте ТЖД тұрғындарды сақ болуға, үлкен ағаштардың астында тұрмауға және автокөлік қоймауға шақырады.

Сондай-ақ билбордтардан және басқа да аспалы құрылымдардан, электр желілерінен мүмкіндігінше алыс болған жөн.

Естеріңізге сала кетсек, кеше қатты жел Көкпекті ауданындағы мектеп шатырын ұшырып жіберген болатын.


Жоғары қарай