Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

ШҚО-да қасқырлардың малға шабуы жиілеп кетті

2020 жылдың 18 ақпан 2020 16:40

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында түз тағыларының малға шабу жиіледі. Осы орайда аудан әкімдігі мен ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы қасқыр санын реттеу мақсатында бірқатар шараларды қолға алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Соңғы күндері Ұлан ауданы, Жоғарғы Тайынты ауылында қасқырлар малға тиіп, елдің үрейін қашырған. Бүгін ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында осыған байланысты қандай шаралар атқарылып жатқаны сөз етілді.

«17 ақпан күні тікұшақтан арнайы барлау жүргізіліп, Ұлан ауданы Алғабас ауылы маңында - 6, Жоғарғы Тайынты ауылының аумағында - төрт қасқыр атылды. Алдағы уақытта бұл мақсаттағы жұмыстар жалғасын таппақ. Жалпы биыл облыс бойынша 510 қасқыр атуға рұқсат берілген. Бұл өткен жылғыдан 100 қасқырға көп», – дейді басқарма басшысы Мұрат Құсайынов.

Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында бір үйдің 70 қойын қасқыр тамақтап кеткен болатын.


Жоғары қарай