Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да карантин талаптарын сақтамайтындар әлі де анықталуда

2021 жылдың 20 мамыр 2021 19:12

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында шектеу шараларын бұзудың 8 фактісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде арнайы құрылған мониторингтік топтар карантин талаптарының сақталуын қадағалау үшін қоғамдық көліктерде, дүкендерде, дәріханалар мен басқа да мекемелерде күн сайын рейд жүргізуде.

«19 мамыр күні Семей қаласында 138 объекті тексерілді. Облыстың Бас санитарлық дәрігері белгілеген шектеу шараларын бұзудың 5 фактісі тіркелді. Нақты айтқанда, сауда орындарында, қоғамдық тамақтану объектілеріне маска режимін сақтамағандар анықталды. 87 510 теңге сомасында 2 хаттама толтырылды», - делінген ШҚО Ақпарат орталығы таратқан мәліметте.

Сонымен қатар Риддерде тексеру барысында 77 нысан қамтылды. Шектеу шараларын бұзу фактілері тіркелген жоқ. Ал Алтай ауданында 137 нысан тексеріліп, 2 бұзушылық анықталды. Бұдан бөлек, Үржар ауданында карантин талабын бұзған 1 адам тіркелді.


Жоғары қарай