Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да карантин талабын бұзған түнгі клуб иесі жауапқа тартылмақ

2020 жылдың 23 қараша 2020 17:30

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында мониторингілік топтар рейд шараларын жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі уақытта өңірде 128 мониторингілік топ жұмыс істеуде. Олардың мақсаты – карантин кезіндегі шектеу шараларының сақталуын бақылау. Шығыс Қазақстанда коронавирустың таралу қарқыны артып, облыс «қызыл аймақта» тұрса да, кейбір азаматтар әлі де заңға бағынбауда.




22 қарашадан 23-іне қараған түнде Өскемен және Семей қалаларында кезекті рейд жүргізілді. Соның нәтижесінде Өскемендегі «Red Bulls» түнгі клубы, «Солнечная» моншасы мен Семейдегі «Печки-лавочки» кешенінде ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері бекіткен шектеулердің бұзылғаны тіркелді.

«Мониторингілік топ келген кезде түнгі клубта әлеуметтік қашықтықты сақтамаған 70-тен астам адам болып, сауналар мен моншаларда дастархан жайылып, ондаған адам көңіл көтергені белгілі болды. Осыған орай құқық қорғау органдары аталған мекеме басшыларын әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарына тиісті материалдар жіберді», - делінген ШҚО Ақпарат орталығы таратқан мәліметте.

















Жоғары қарай