Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да карантин бұзғандарға бір күнде 700 мың теңге айыппұл салынды

2020 жылдың 26 қараша 2020 12:33

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында шектеу шараларының сақталуын бақылайтын мониторинг топтары кезекті рейд жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

25 қараша күні жүргізілген рейд барысында Өскеменде шектеу шараларын бұзудың 3 фактісі анықталған.

Риддер қаласында 4 рейд өтіп, 70 нысан қамтылды. Нәтижесінде 3 факті тіркеліп, 125 010 теңге көлемінде 3 айыппұл салынды.

«Глубокое ауданында 108 нысанда 18 рейд жүргізіліп, маска режимін бұзған 2 тұрғын тіркелді. Аягөз ауданында карантин талабына бағынбаған 3 адам 401 810 теңге айыппұл арқалады. Зайсан ауданында 7 нысан тексеріліп, 1 хаттама толтырылды, салынған айыппұл мөлшері – 41 670 теңге» делінген ШҚО Ақпарат орталығы таратқан мәліметте.

Сонымен қатар Шемонаиха ауданында 32 нысанда рейд жүргізіліп, 2 заңбұзушылық анықталды.

Ал Бесқарағай ауданында 3 адамға 125 010 теңге айыппұл салынған.

Санитарлық нормаларды бұзудың ең жиі тіркелетін фактісі – маска режимін сақтамау.


Жоғары қарай