Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да қар құрсауында қалған 8 адам құтқарылды

2021 жылдың 24 қаңтар 2021 15:00

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар қарға батқан көлік жүргізушілеріне көмекке келуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, кеше Ұлан ауданындағы тасжолда қар құрсауында қалған «Нива» және «Ланд Крузер» автокөліктерінің жүргізушілерінен хабар түскен.

«Құтқарушылар оқиға орнына бірден аттанды. Екі көлік арнайы техниканың көмегімен қардан шығарылды. Бұдан бөлек, Шемонаиха ауданында «Мерседес Спринтер» және «ВАЗ» көліктері жолда қалған. Оларға да көмек көрсетілді. Барлығы 8 адам эвакуацияланды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.





Осы ретте, ТЖД өңір тұрғындарына алыс сапарға шыққан кезде «Darmen» мобильді қосымшасы арқылы жолдардың жай-күйін алдын ала біліп алуға кеңес береді. Сондай-ақ қандай да бір қиын жағдайға тап болғанда 112 нөміріне қоңырау шалу керектігін айтады.





Жоғары қарай