Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 447.67
EUR 491.36
RUB 5.74
CNY 63.07

ШҚО-да «Гарант 24 Ломбард» салымшылары 52,5 млн теңге шығынға батқан

2020 жылдың 22 ақпан 2020 19:11

ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында «Гарант 24 Ломбард» ЖШС салымшылары 52,5 млн теңгесінен айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ір бойынша «Гарант 24 Ломбард» ЖШС-ға 28 адам ақша салған. Оның 7-і Өскемен, ал 21-і Семей қаласының тұрғындары.

«Тәртіп сақшылары аймақтағы бөлімшенің директорын ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы (аса ірі көлемде жасалған алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Басқа да зардап шеккендер болса полицияға хабарласуын сұраймыз», - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін, осыған дейін «Гарант 24 Ломбард» Тараз бөлімшесінің директоры ұсталғаны хабарланған болатын.


Жоғары қарай