Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да фитнес орталықтар мен жаттығу залдары қайта ашылады

2020 жылдың 20 қараша 2020 21:16

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында фитнес орталықтар мен жаттығу залдары қайта ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері міндетін атқарушы жаңа қаулы жариялады. Онда жазылғандай өңірде маска режимі мен вирус жұқтырған науқастардың өзін-өзі оқшаулауын бақылау күшейтіледі.

«Тұрғындар ашық ауада (көшеде, үйден тысқа шыққанда), қоғамдық орындарда, оның ішінде автобус аялдамасында, халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған жабық үй-жайларда, сондай-ақ қызметі рұқсат етілген объектілерде, қоғамдық көлікте, соның ішінде таксиде маска тағуы қажет», - делінген құжатта.

Коронавирус инфекциясына шалдыққан адамдар карантин жағдайында болған кезінде вирус жұқтырмау мақсатында өзге адамдармен қарым-қатынас жасамауға, медициналық қызметкерінің келісімінсіз үйден шығып кетпеуге, жақын байланыста болған адамдар тобын анықтау үшін қажетті ақпаратты ұсынуға, өзінің денсаулық жағдайының өзгеруі туралы медицина қызметкерін дереу хабардар етуге міндетті.

«Фитнес орталықтарының, жаттығу залдары мен спорт кешендерінің жұмысына тыйым салу туралы тарау алынып тасталды. Бұл нысандар демалыс және мереке күндерін қоспағанда алдын ала жазылу арқылы ғана жұмыс істейді», - делінген қаулыда.




Жоғары қарай