Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да етті қарызға беремін деп алданған сатушы 2 млн теңге жуық шығынға батты

2021 жылдың 13 қыркүйек 2021 03:00

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында етті қарызға беремін деп алданып қалған азамат 1 845 000 теңгеге шығынға батқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентінің тұрғыны «102» жедел арнасына қоңырау шалған. Ет саудасымен айналысатынын айтқан ол 2021 жылдың қаңтарынан бастап Өскеменде дүкені бар әйелге ет сатып келгенін жеткізді.

«Белгілі болғандай, әйел адам еттің жарты сомасын қарызға алып отырған. Осылайша, қаңтар-сәуір айлары аралығында оның қарызы 1 845 000 теңгеге жетті. Тәртіп сақшылары дүкен иесін тауып, бөлімшеге жеткізді. Ол өз кінәсін толықтай мойындап отыр», - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Жоғары қарай