Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да Ертіс өзенінің арнасына су жіберіліп жатыр

2021 жылдың 27 сәуір 2021 17:36

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында экологиялық тепе-теңдікті сақтау мақсатында Ертіс өзенінің арнасына су жіберіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «GeoSat» ЖШС жүргізген ғарыштық мониторинг деректері бойынша Шығыс Қазақстанның қар басып жатқан аумағы 15 пайыздан аспайды. Қар Алтай, Риддер, Күршім ауданындағы таулы жерлерде, Марқакөл қорығында, Ұлан ауданының Тайынты өзенінде, Катонқарағай, Глубокое, Шемонаиха аудандарының тауларында байқалады.




«Қазіргі уақытта Ертіс өзенінің арнасына су жіберу жұмыстары жүргізілуде. Мұндағы мақсат – экологиялық тепе-теңдікті сақтау. Биыл Шүлбі ГЭС арқылы 5,77 текше метр су жіберілетін болады», - делінген хабарламада.

Үш кезеңде жүргізілетін су жіберу жұмыстары 18 мамырда аяқталады. Су жіберуді реттеу режимін «Ертіс бассейндік инспекциясы» жүзеге асырмақ. Ондағы мамандар қазірдің өзінде жұмысқа кіріскен.


Жоғары қарай