Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да Ертіс өзенінде 4 адам мінген қайық аударылды

2021 жылдың 4 мамыр 2021 10:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар Ертіс өзенінің жағасынан алыс кеткен ер адамдарға көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

3 мамырда сағат 18:44-те Өскеменде Ертіс өзенінде серуендеу кезінде моторлы қайық аударылып түсті. Судан 4 ер адам шықты. Олар өз бетінше жағаға жете алмағандықтан құтқарушылар шақырылды. Оқиға орнына жеткен ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері қайықпен ер адамдарды жағаға жеткізіп, оларды қарауға Апаттар медицинасы орталығы мамандарына тапсырады. Артынша құтқарушылар қайық иесіне қайықты судан жағаға шығаруға көмек көрсетті. Құтқарылғандар өздері тұратын Прапорщиково ауылына жүзіп кетті.

ШҚО ТЖД су қоймаларында барлық ережелерді ұстану қажеттігін еске салады.

«Кез келген суда жүзу құралында құтқару күртешесі болуы керек. Өзенге түсер алдында алдын ала жүзетін жолыңызды белгілеп алыңыз. Қайыққа көп адам отырғызбаңыз. Ешқандай жағдайда спирттік ішімдіктер ішпеңіз. Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыз» делінген ескертпеде.


Жоғары қарай