Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да «Еңбек» бағдарламасының қаражатын жымқырғандар анықталды

2020 жылдың 22 қыркүйек 2020 12:10

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында бюджет қаражатын жымқыру фактілерінің жолы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаржы мониторингі комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті «Қазына» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады.

Шара барысында департамент қызметкерлері «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында бюджет қаражатын жымқыру фактілерін әшкереледі.

Сонымен, ШҚО-ның Глубокое ауданында ЖШС директоры азаматтарды жұмыс күші артық аймақтардан жұмыс күші жетіспейтін аймақтарға қоныстандыру туралы жалған мәліметтерді ұсынып, 6,8 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырғаны белгілі болды. Шынында, бағдарламаға қатысушылар (қоныс аударушылар) ШҚО аумағында іс жүзінде тұрып, еңбек етпеген.

Ұлан ауданында осыған ұқсас 13,4 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру фактісінің жолы кесілді.

Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 189 және 190 баптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.


Жоғары қарай