Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ШҚО-да елік атқан браконьер сотталды

2022 жылдың 18 мамыр 2022 08:51

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында елік атқан браконьер бір жарым жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір аумағында елік атқан ер адамның сот үкімімен бір жарым жылға бас бостандығы шектеліп, пробация есебіне алынды.

Елік атқан браконьер мемлекетке 2 500 000 теңгеге жуық материалдық залал келтірді. Сот барысында ол өз кінәсін толықтай мойындап, істеген ісіне өкінетіндігін жеткізген.

«Енді алдағы бір жарым жылда ол пробация қызметінің бақылауында болады. Пробация қызметкерлері жазасын өтеушімен тұрақты түрде профилактикалық жұмыс жүргізеді. Егер ол заң талаптарына бағынбай, бақылаудан жасырынатын болса жазасы қатаңдатылып, түрмеге қамалуы әбден мүмкін», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстанда мемлекетаралық іздеуде жүрген екі қылмыскер ұсталғанын хабарлаған едік.


Жоғары қарай