Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да екі күнде 500-ден астам автобус жүргізушісі жол ережесін бұзған

2021 жылдың 22 қаңтар 2021 17:25

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында «Автобус» жедел алдын алу шарасының екі күнінде 533 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның ішінде міндетті техникалық бақылаудан өтпегені үшін - 6 жүргізуші, көлік тізгіндеп отырып телефон пайдаланған - 86, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін - 88, жолаушыларды сақтандырусыз тасымалдағаны үшін - 10 және жылдамдықты асырғаны үшін 19 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«21 қаңтар күні «Омбы-Майқапшағай» тасжолында полицейлер бекітілген жылдамдықты асырғаны үшін Yotong автобусының 30 жастағы жүргізушісін тоқтатты. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабы 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылған», - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Семейде автобус жүргізушісінің есірткі қабылдап рульге отырғаны жайлы хабарлаған болатынбыз.

Өңірде «Автобус» жедел алдын алу шарасы 20-22 қаңтар аралығында жүргізілуде.


Жоғары қарай