Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ШҚО-да дәмханалар мен түнгі клубтардың жұмыс уақытына қатысты шектеу алынды

2022 жылдың 21 қаңтар 2022 16:44

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында бірқатар карантиндік шектеулер жеңілдетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесті. Соның нәтижесінде, кәсіпкерлердің өтініші бойынша дәмхана, мейрамхана, түнгі клуб, караоке бар, бильярд және банкет залдарының жұмыс уақытына қатысты шектеуді алып тастау жайлы шешім қабылданды. Бірақ ондағы жалпы сыйымдылық 50 пайыздан аспауы тиіс.

Діни объектілерде (мешіт, шіркеу, собор, синагога) ұжымдық іс-шаралар (жұма намазы, діни жоралар және тағы басқасын.) өткізуге рұқсат берілді. Мұнда да діни нысандар тек жартылай толтырылуы тиіс.

«Банкет залдары үшін адам саны 100-ден аспауы қажет. Түнгі клубтар үшін – жалпы жобалық сыйымдылықтың 70 пайызын, караоке барлар үшін – 50 пайызын құрайды. Осылайша, кәсіпкерлер өз қызметін жалғастырып, жұмыс орындарын сақтауға мүмкіндік алады», - делінген ШҚО әкімдігінің мәліметінде.

Өз кезегінде бизнес өкілдері барлық қызметкерлерінің вакцина алғанын айтып, «Ashyq» бағдарламасы бойынша жұмыс істейтіндіктерін және санитарлық нормалардың қатаң сақталатындығын жеткізді.


Жоғары қарай