Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да браконьерлерден 8 тоннадан астам балық тәркіленді

2021 жылдың 7 қыркүйек 2021 05:39

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында биыл браконьерлерден 8 тоннадан астам балық тәркіленген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары Көкпекті ауданы Сарыбел ауылы маңындағы Бұқтырма су қоймасының жағасында рейд өткізген.

Соның нәтижесінде, заңсыз балық аулаған Көкжыра ауылының тұрғындары анықталды.

«48 және 49 жастағы ер адамдар рипус балығын заңсыз аулаумен айналысқан. Мемлекетке келтірілген жалпы шығын мөлшері – 359 841 теңгені құрады. Полиция қызметкерлері оқиға орнынан салмағы 102,8 келі рипус балығын, тіркемесі бар «ВАЗ» автокөлігін, моторлы қайық пен ұзындығы 80 метр синтетикалық ауды тәркіледі», - делінген хабарламада.




Жыл басынан бері табиғат қорғау полициясы 1 190 рет рейд өткізіп, 1 258 экологиялық құқық бұзушылықты анықтады.

Сотқа дейінгі 40 тергеу басталып, 1218 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сондай-ақ заңсыз ауланған 8052 келі балық тәркіленді.

Мемлекетке келген залалдың жалпы сомасы – 20 млн теңгені құрап отыр.





Жоғары қарай