Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ШҚО-да боранға байланысты бірқатар жолда көлік қозғалысы шектелді

2022 жылдың 15 қаңтар 2022 16:23

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында боранға байланысты бірқатар жолда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ауа райының нашарлауына, нақты айтқанда боран мен көктайғаққа байланысты өңірдегі бірқатар жолда көлік қозғалысы шектелді.

- Бүгін сағат 14.15-тен бастап республикалық маңызы бар «Глубокое ауылы-Шемонаиха қаласы-Ресей Федерациясының шекарасы» тасжолындатіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктері, сондай-ақ жолаушы таситын көліктер қозғалысына шектеу енгізілді, - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ аталған көлік түрлері үшін республикалық маңыздағы «Семей-Қалбатау» және «Өскемен-Семей» тасжолдарында қозғалысқа тыйым салынды.


Жоғары қарай