Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ШҚО-да боранға байланысты бірқатар жолда көлік қозғалысы шектелді

2021 жылдың 22 қараша 2021 16:49

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында бірқатар тасжолда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ауа райының нашарлауына, нақты айтқанда боран мен көктайғаққа байланысты өңірдегі бірқатар жолда көлік қозғалысы шектелді.

- Бүгін сағат 16.20-дан бастап республикалық маңызы бар «Өскемен-Семей» тасжолының 10-198 шақырамында (Герасимовка ауылы мен Семей қаласының аралығы), «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» тасжолының 15-105 шақырамында (Белоусовка ауылы мен Риддер аралығы), «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» тасжолының 15-123 шақырамында тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктері, сондай-ақ жолаушы таситын көліктер қозғалысына шектеу енгізілді, - делінген ақпаратта.


Жоғары қарай