Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ШҚО-да биыл Қазақстан азаматтығынан 300-ден астам адам айырылды

2022 жылдың 13 мамыр 2022 07:22

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында биыл 300-ден астам адам Қазақстан азаматтығынан өз еркімен шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, көші-қон қызметі өңірде тұратын қос азаматтығы бар адамдарды анықтауда.

Өңірде жыл басынан бері 300-ден астам адам Қазақстан Республикасының азаматтығынан өз еркімен шығарылған. Бұдан бөлек, қос азаматтықпен жүрген 30-дан астам адам жауапқа тартылды.

«Мәселен, 2016 жылдың қыркүйек айында Алтай өлкесінде Ресей Федерациясының азаматтығын алған Глубокое ауданының 67 жастағы тұрғыны анықталды. Зейнеткер бұл туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына да, шетелдегі мекемелерге де хабарламаған. Құқық бұзушы ҚР Қылмыстық кодексінің 496-бабы 2-бөлігі бойынша 200 АЕК (428 820 теңге) мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттелді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Одан жеке куәлігі мен Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты тәркіленген.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да 30-ға жуық адамды алдап соққан алаяқ ұсталғанын хабарлаған едік.


Жоғары қарай