Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ШҚО-да бір жылда білім беру нысандарының құрылысына 13,1 млрд теңге жұмсалды

2022 жылдың 12 мамыр 2022 23:42

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында былтыр білім беру нысандарының құрылысына 13,1 млрд теңге бөлінген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде өткен жылы білім беру нысандарын салуға және материалдық-техникалық базаны нығайтуға барлығы 13,1 млрд теңге жұмылдырылған. Бұл жайлы облыстық мәслихаттың кезекті XV сессиясында аймақ басшысы Даниал Ахметов айтты.

«Өскемен қаласындағы технологиялық колледж бен құрылыс колледжіне арналған 9 қабатты екі жатақхананың құрылысы аяқталуда. 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз ету мәселесі 100% шешімін тапты. Өскемен және Зайсан қалаларында шағын орталықтар және 1220 орындық 7 жекеменшік балабақша ашу есебінен 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамтамасыз ету көрсеткіші 8%-ға өсіп, 97,5%-ды құрады», - деді ол.

Барлық білім беру ұйымдарында ерекше қажеттілігі бар балаларды инклюзивті оқыту үшін тиісті жағдай жасалған. Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға жан-жақты қолдау көрсетілуде. Оларды тегін тамақпен, мектеп формасымен, аяқ киіммен қамтамасыз етуге облыстық бюджеттен 3,5 млрд теңге бөлінді.

«Студенттерді жұмыспен қамту мақсатындағы «Жас маман» жобасы аясында 11 құзыреттілік орталығы ашылды. Сондай-ақ бүгінде бюджеттік гранттар алған студенттер саны 65%-ға артты», - деді Даниал Ахметов.


Жоғары қарай