Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 448.52
EUR 490.32
RUB 5.69
CNY 63.23

ШҚО-да баласына дұрыс қарамаған 61 ата-ана жауапқа тартылды

2020 жылдың 14 ақпан 2020 06:29

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының тәртіп сақшылары «Тұрмыс» жедел алдын алу шарасы барысында 70-ке жуық берекесіз отбасыны анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 20 қаңтар мен 20 ақпан аралығында өткізіліп жатқан жедел алдын алу шарасының мақсаты – отбасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрғылықты жері бойынша полиция бөлімінде тіркеуде тұрғандарды тексеру.

Бүгінде полицейлер тұрмыстық қарым-қатынаста заңсыздыққа жол берген 320 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Сондай-ақ 59 адам ішімдікке және есірткіге тәуелділіктен мәжбүрлі түрде емдеуге жіберіліпті.

«Тексеру барысында 69 берекесіз отбасы анықталды. Кәмелет жасына толмаған баласына дұрыс қарамағаны үшін 61 адам жауапқа тартылып, 12 адам ата-ана құқығынан айырылды» делінген ведомство мәліметінде.

Жоғары қарай