Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да балалардың 50%-дан астамы спортпен тегін айналысады

2021 жылдың 16 қыркүйек 2021 16:24

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар - елдің өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын талқылау мақсатында ШҚО әкімдігінде жиналыс өтті.

«Жолдауда балалар спортын дамыту жөнінде кайтылған еді. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау бағытында өңірде 2025 жылға дейін жалпы білім беретін мектептерде қосымша 3213 спорт секциясы ашылады. Осы жылы 22 мың баланы қамтитын 1268 секция жұмысын бастамақ, - деді облыс әкімі Даниал Ахметовөз сөзінде.

Сондай-ақ өңірде спорт секцияларын қаржыландыруға арналған мемлекеттік тапсырыс жүйесін енгізудің арқасында балаларды тарту бірнеше есеге артады.

- Осылайша, биыл балалар мен жасөспірімдердің 109 мыңы немесе жалпы санының 56,4%-ы спортпен тегін айналысуға мүмкіндік алды. Өткен жылы олардың саны 85 мың болған, - деп атап өтті Даниал Ахметов.


Жоғары қарай