Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін қандай шаралар атқарылуда

2021 жылдың 17 маусым 2021 08:33

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін бірқатар шаралар қолға алынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ернар Мұстафиннің айтуынша, жыл басынан бері жеміс-жидек, көкөніс, күнбағыс майы, қант, сүт өнімдері бағасының өскені байқалады. Бұл өткен жылғы өнімнің азаюына, коммуналдық қызметтер тарифінің, сондай-ақ Ресейден келетін жанар-жағар май мен қаптама материалдар бағасының көтерілуіне байланысты болып отыр.

«Бүгінде «Ертіс» ӘКК арқылы бағаның өсуін тежеу шаралары аясында сүт, жұмсақ қаптамадағы майлылығы 2,5% айран және майлылығы 5,9% ірімшік, күнбағыс майы, қант, макарон, жұмыртқа және тұз бағаларын тұрақтандыру үшін «All Mart Vostok» ЖШС, «УКМЗ» және «Крупнофф» кәсіпорындарына 200 млн теңгеден қарыз берілді. Сонымен қатар 500 млн теңге қарыз картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат бағаларын тұрақтандыру үшін «Агрофирма приречное» ЖШС-на берілген. Бұл жұмыстар 2021 жылдың қараша айынан бастап 2022 жылдың мамыр айына дейін іске асырылатын болады», - деді Ернар Мұстафин.

Сонымен қатар қалалар мен аудандардың әкімдіктері 160 фермермен және көтерме сауда кәсіпкерлерімен, 2512 сауда нысанымен ең төменгі (7-10%) сауда үстемесін қолдану туралы меморандумдар жасасты. Бұдан бөлек, 30 наурызда ШҚО-да он жұмыртқаға 405 теңге көлемінде шекті баға белгіленген.

Бұдан бөлек, тауарлардың жетіспеушілігінен бағаның өсу мүмкіндігін болдырмау үшін өңірлік тұрақтандыру қорына 2,2 мың тонна бірінші сұрыпты бидай ұны, 408 тонна күріш, 204 тонна қарақұмық жармасы, 2,4 мың тонна картоп, 1,3 мың тонна қырыққабат, 800 тонна сәбіз және 1,2 мың тонна пияз сатып алынды.


Жоғары қарай