Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да айыппұлы төленбеген 110 көлік айып тұрағына қойылды

2021 жылдың 21 қыркүйек 2021 02:41

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері 3 күн ішінде борышкерлерден 29 млн теңге өндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары өңір аумағында «Борышкер» жедел алдын алу шарасын жүргізді. 3 күн ішінде мемлекет бюджетіне 29 млн теңгеден астам қаражат өндірілген. Сондай-ақ жол ережесін бұзып, айыппұл төлемеген 110 адамның автокөлігі мамандандырылған тұраққа қойылды.

«Полицейлер Өскеменде Hyundai маркалы көлікті тізгіндеген Нұр-сұлтан қаласының 30 жастағы тұрғынын тоқтатты. Оның «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені камераларына тіркелген 8 айыппұлы бар болып шықты. Берешектің жалпы сомасы – 131 265 теңге», - деді ШҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Ернар Базаров.

Барлық құқық бұзушылықтар ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабы (белгіленген қозғалыс жылдамдығын арттыру) бойынша жасалған. Осыған байланысты борышкердің көлігі айыппұлдарды толық өтегенге дейін мамандандырылған тұраққа қойылды.

Жоғары қарай