Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да ауылға барып жұмыс істейтін 100-ден астам дәрігерге үй беріледі

2021 жылдың 24 қыркүйек 2021 11:29

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында ауылға барып жұмыс істейтін 100-ден астам дәрігерге баспана берілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайлы ШҚО әкімдігінде өткен жиналыс барысында аймақ басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді.

«Ауылдағы ауруханаларға барып жұмыс істейтін медицина қызметкерлері «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Қазір өңір бойынша анестезиология, реаниматология, акушерия, педиатрия және гинекология кадрларының тапшылығы сезіліп отыр. Ауылдар мен кенттерге келетін 113 дәрігерге жалпы ауданы 40-50 шаршы метр болатын пәтерлер беріледі», - деді ол.

Сондай-ақ жиын барысында «Еңбек» бағдарламасы бойынша шағын бизнес ашқысы келген азаматтарға көмек көрсету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар сөз етілді.

«Өңіріміз өз ісін бастағысы келгендерге бөлінген грант саны жағынан республикада көш бастап тұр. Бүгінгі таңда Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы халықты жұмысқа орналастыру, қайта оқыту және микрокредит беру бойынша жақсы жұмыс жүргізуде. Алдағы уақытта жастарға арналған гранттарға қосымша 59 миллион теңге бөлуді тапсырдым», - деді Даниал Ахметов.


Жоғары қарай