Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 4 есеге артпақ

2021 жылдың 16 қыркүйек 2021 18:11

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 4 есеге артады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде үш ірі май экстракциялау зауыты бой көтермек. Соның нәтижесінде, 1 миллион тоннаға дейін майлы дақылдар өңделетін болады. Бұл жайлы ШҚО әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді.

- Облыста ауыл шаруашылығы саласына ерекше назар аударылған. Негізгі міндеттердің бірі – жемшөп дақылдарының егіс алқаптарын ұлғайту. Инвестициялық жобалардың арқасында 2025 жылға қарай осы мақсаттағы егіс алқабы 28 мың гектарға ұлғайтылады, - деді ол.

Аймақ басшысының айтуынша, ең алдымен экспортқа арналған өнім көлемін арттыру көзделіп отыр. Жоспар бойынша алдағы жылдары ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 4 есеге өседі.

- Сондықтан өнімділікті, жайылым алқаптарын көбейтуді, ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту және өндірістерді жаңғырту бойынша жұмысты жалғастырамыз. Сондай-ақ ветеринария саласын дамытудың да кешенді жоспарын әзірлеу қажет, - деді Даниал Ахметов.


Жоғары қарай