Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да анасымен жанжалдасқан 45 жастағы ер адам асылып қалмақ болды

2021 жылдың 30 шілде 2021 13:47

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында анасымен жанжалдасқан 45 жастағы ер адам асылып қалмақ болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 27 шілде күні Жаңа Бұқтырма кентінің 66 жастағы тұрғыны полицияға хабарласып, ұлының жоғалып кеткенін жеткізді.

«Анықталғандай, арызданушы өз отбасымен Бұқтырма су қоймасындағы демалыс базаларының біріне келген. Демалыс кезінде анасы мен ұлының арасында кикілжің туындап, 45 жастағы ер адам көлігімен белгісіз жаққа кетіп қалған. Біраз уақыттан кейін ол шешесіне WhatsApp мессенджері арқылы өз өзіне қол жұмсайтындығы жайлы хабарлама жіберді», - делінген ақпаратта.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері «Көк шығанақ» демалыс орнының маңындағы тауда асылып қалмақ болған ер адамды тауып алды. Сондай-ақ оның алкогольді ішімдік ішкені белгілі болды.

Тәртіп сақшылары азаматты полиция бөліміне жеткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Қазіргі уақытта Алтай ауданының тұрғыны туыстарына тапсырылды.


Жоғары қарай