Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да аң аулау ережесін бұзған 400-ден астам адам жауапқа тартылды

2021 жылдың 24 қараша 2021 22:20

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында аң аулау ережесін бұзған 400-ден астам адам анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары өңір аумағында 1 ай бойы «Браконьер» жедел алдын алу шарасын жүргізген. Соның барысында 411 рейд өткізіліп, табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 617 фактісі тіркелді.

«Оның ішінде аң аулау ережелерін бұзған – 426, балық аулау талаптарын сақтамаған – 141, қаруды есепке алу, сақтау, пайдалану тәртібін бұзған – 41 адам жауапқа тартылды. Заңсыз ағаш кескені үшін сегіз азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 381-бабына сәйкес айыппұл салынған», - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері 12 қылмысты анықтады. Оның ішінде аңды және балық ресурстарын заңсыз аулаған 8 адам бар.


Жоғары қарай