Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да 8 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып жатыр

2020 жылдың 21 қазан 2020 06:11

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 8 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, бүгінде Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі орналасатын жаңа ғимараттағы жөндеу жұмысы аяқталуға жақын. Ескі ғимарат келушілер үшін тар және ыңғайсыз еді. Жаңа ғимараттың бірінші қабатында дүйім жұртты қабылдауға арналған кең залдар болады.

«Ерекше қажеттіліктері бар жандарға, аналар мен балаларға арнайы бөлмелер қарастырылған. Менің тапсырмам бойынша халықпен жұмыс істеу үшін акт залы берілді. Ол екінші қабатқа орналастырылады. Ең алдымен орталықтың басты міндеті - келушілерге жедел қызмет көрсету», - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Сонымен қатар Стаханов көшесіндегі спорт орталығының жөндеу жұмыстары аяқталып келеді. Жалпы өңірде 8 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр.


Жоғары қарай