Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -11 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да 8 ай бойы халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

2020 жылдың 21 қазан 2020 11:45

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері сегіз ай бойы жасырынып жүрген қылмыскерді қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері ТМД елдерінің трансшекаралық ынтымақтастығы жоспарын іске асыру шеңберінде ұзақ уақыт Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген 37 жастағы қылмыскерді іздестірді.

«Құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамағандығы бірнеше адам өліміне соқтырған ер адамға халықаралық іздеу жарияланған. Тәртіп сақшылары оны Риддер қаласында қолға түсірді. Қазіргі уақытта Ресей Федерациясындағы әріптестерге күдіктінің ұсталғандығы хабарланды», - деді департамент бастығы Сағат Мәдиев.

Айта кетейік, жыл басынан бері ШҚО ПД криминалдық полиция басқармасының полицейлері Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарында әртүрлі қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 18 адамды анықтаған.


Жоғары қарай