Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

ШҚО-да 364 шақырым арналар мен арықтар қардан тазартылды

2020 жылдың 13 наурыз 2020 21:23

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында су тасқынының алдын алу үшін 364 шақырым арналар мен арықтар қардан тазартылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайлы бүгін ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметіне өткен баспасөз конференциясында облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Елдос Чикенов мәлім етті.

«Қазіргі уақытта 1 млнға жуық текше мерт қар шығарылған. Өзендердегі мұз жару жұмыстарына 150 млн теңге қаржы бөлінді. 364 шақырым арналар мен арықтар қардан тазартылған. Негізінен өңірдегі Глубокое, Бородулиха, Шемонаиха және Алтай аудандарында су басу қаупі жоғары болып отыр», - дейді ол.

Елді мекендердегі қар шығару жұмыстарына облыстық бюджеттен қосымша 255 млн теңге бөлінген. Сондай-ақ 100 мың дана ыдыс-қап, 4,9 тонна инертті материалдар дайындалған.


Жоғары қарай